Бұрынғы вице-министрден тәркіленген қымбат көліктер сатылмай жатыр

Өтінімдердің болмауына байланысты аукцион өтпеген.

Бұрынғы вице-министрден тәркіленген қымбат көліктер сатылмай жатыр
сурет: e-auction.gosreestr.kz
309

Бұрынғы вице-министр Тоқтабаевтан тәркіленген Bentley Bentayga және Mercedes Maybach көліктері сатылмай жатыр. Ақпарат “Электронды сауда алаңында” жарияланды.

Аукционға қара түсті 2021 Bentley Bentayga V8 шығарылған. Көлік биыл сәуір айында бағаланды. Бағалаушы фирма кроссоверді 104 миллион 316 мың теңгеге бағалады. Ал 2021 жылы шығарылған ақ түсті Mercedes-Bens Maybach S580 4Matic маркалы автокөліктің нарықтағы құны - 79 миллион 839 мың теңге. Bentley Bentayga автокөлігінің аукционы 2024 жылдың 3 шілдесіне жоспарланған еді.

Алайда өтінімдердің болмауына байланысты аукцион өтпеді. Ал Mercedes-Bens Maybach S580 көлігі 5 шілдеде сатылымға шығу керек еді. Ол да өтпейтін болды.

 

Серіктес жаңалықтары