"Түркиядан шаршадым": Түрік әншісі Қазақстанға біржола көшіп келді

"Қызым осында мектепке барады, қазақ тілін қызымнан үйреніп жүрмін. Отбасыммен қоныс аудардық деуге болады", – деді әнші.

"Түркиядан шаршадым": Түрік әншісі Қазақстанға біржола көшіп келді
сурет: istockphoto.com
957

Түркияның танымал әншісі, сазгер Мурат Япырак Қазақстанға біржола көшіп келді. Бұл туралы ол "Қызық Times" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

“Қазақстанға түбегейлі көшіп келдім. Шынымды айтсам, Түркиядан шаршап кеттім. Бұл жақта да туған жерде жүргендей сезінемін. Кішкентай қызымнан "Қызым, қайда барамыз? Түркияға барамыз ба, Қазақстанда қала береміз бе?" десем, "Қазақстанда қала берейікші" дейді. Қызым осында мектепке барады, қазақ тілін қызымнан үйреніп жүрмін. Отбасыммен қоныс аудардық деуге болады", – деді әнші. 

Сондай-ақ шетелдік әнші отандық әншілермен шығармашылық байланыс орнатып үлгергенін айтты.

Серіктес жаңалықтары