Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

Жүргізуші жансақтау бөліміне жеткізілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады

Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты
instagram/nefedovv.ekb
427

Павлодар облысындағы «Богатырь Көмір» көмір кенішінде қаза тапқан қызметкер ауыр жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген. Бұл туралы екібастұздық блогер Instagram парақшасында жазды.

«2 шілдеде «Богатырь» бөлімінде апат болып, ауыр жүк көлігінің жүргізушісі қаза тапты. Алдын ала себеп — тежегіштердің істен шығуы. Бұл «БелАЗ» моделі үшін жиі тіркелетін жағдай. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамын», - деп жазды блогер.

Облыстық Еңбек басқармасы оқиғаны растады.

«2 шілдеде «Богатырь Көмір» серіктестігінде жұмыс істеген БелАЗ-132 көлігінің жүргізушісі қайтыс болды. Көлік жүк түсіру орнынан қозғалып бара жатып, шетіне құлап кетті. Жүргізуші жансақтау бөліміне жеткізілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады», - деп хабарлады ведомство. 

Еңбек департаменті оқиғаға қатысты тергеуді бастады.

Серіктес жаңалықтары