483
Алакөлде жағаға қайта алмай қалған туристер құтқарылды
Қатты желдің екпінінен туристер қауіпті жағдайға душар болған.
Жетісу облысындағы Алакөл көлінде катамаранмен су айдынында жүзіп жүрген үш туристі жел екпіні жағадан алыстатып тастаған, деп жазды turkystan.kz.
«Туристер Алакөл көлінің жағалауынан алыс жүзіп кеткен, сол сәтте желдің күшеюіне байланысты демалушылар жағалауға өздігінен жете алмай қалған. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары көмекке келіп, оларды жағаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет емес», - делінген ТЖМ баспасөзі таратқан хабарламада.