Атырау облысында қарақұрт қаптады

Улы жәндіктер тұрғындар мен төрт түлік, жануарларды шағып жатыр

Атырау облысында қарақұрт қаптады
сурет: istockphoto.com
534

Атырау облысында қарақұрт қаптады. Улы жәндіктер тұрғындар мен төрт түлік, жануарларды шағып жатыр, деп хабарлайды atyraupress.kz.

Қарақұрт шағып, шағым түсіргендердің көбісі - Индер ауданының тұрғындары. Атап айтқанда, Өрлік, Көктоғай, Есбол және Елтай ауылдарында зардап шеккендер көп. 

Истай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жергілікті тұрғындар арасында да зардап шеккендер бар. Алғашқы оқиға 29 мамырда тіркелген. Содан бері барлығы 9 адамды қарақұрт шаққан: 7 ересек және 2 оқушы, яғни 7 және 15 жастағы балалар. 9 ауыл тұрғыны ем алған.

Серіктес жаңалықтары