Жеңіл атлетикадан халықаралық турнирде ел қоржынына 4 медаль түсті

110  метрге  кедергілер арқылы жүгіруден Давид Ефремов чемпион атанды.

Жеңіл атлетикадан халықаралық турнирде ел қоржынына 4 медаль түсті
Olympic.kz
354

Өзбекстан астнасы Ташкентте жеңіл атлетикадан Silk Road to Paris халықаралық турнирі мәреге жетті, деп жазады Olympic.kz. 

Аталған сында Қазақстан командасы төрт медаль жеңіп алды. 

Атап айтар болса, 200 метрге жүгіруден Ольга Сафронова, биіктікке секіруден Елизавета Матвеева, 110  метрге  кедергілер арқылы жүгіруден Давид Ефремов чемпион атанды. 

Ал 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Юлия Башманова қола медаль иеленді. 

Серіктес жаңалықтары