47 түрлі смартфонда WhatsApp жұмысы шектеледі

WhatsApp әрі қарай жаңартылмайтын смартфондардың ішінде 7 жылдан астам уақыт бұрын шығарылған модельдер де бар, оларды кейбір пайдаланушылар әлі де қолданып жүр.

47 түрлі смартфонда WhatsApp жұмысы шектеледі
сурет: istockphoto.com

Биыл 47 ескі смартфон моделінде WhatsApp мессенджері жаңартылмайды, деп хабарлайды gazeta.ru.

Бұл құрылғылардың операция жүйесі Android 5.0 және iOS 12 нұсқаларынан бұрынғы нұсқада. WhatsApp әрі қарай жаңартылмайтын смартфондардың ішінде 7 жылдан астам уақыт бұрын шығарылған модельдер де бар, оларды кейбір пайдаланушылар әлі де қолданып жүр.

Атап айтқанда, Samsung Galaxy Ace Plus, Galaxy Core, Galaxy Express 2, Galaxy Grand, Galaxy Note 3 N9005 LTE, Galaxy Note 3 Neo LTE+, Galaxy S 19500, Galaxy S3 Mini VE, Galaxy S4 Active, Galaxy S4 mini I9190, Galaxy S4 mini I9192 Duos, Galaxy S4 mini I9195 LTE, Galaxy S4 Zoom. Apple iPhone 5, iPhone 5C, iPhone 6, iPhone 6S Plus, iPhone 6S, iPhone SE. Huawei Ascend P6 S, Ascend G525, C199, GX1s, Y625. Lenovo 46600, A820, A858T, P70, S890. Sony Xperia Z1, Xperia E3, Xperia M. Motorola Moto G, Moto X. LG Optimus 4X HD P880, Optimus G, Optimus G Pro, Optimus L7.

Сонымен қатар, бұл тізімге басқа өндірушілердің Faea F1, THL W8, Archos 53 Platinum, Wiko Cink Five, Wiko Darknight, ZTE V956, ZTE UMi X2, ZTE Grand S Flex және ZTE Grand Memo сияқты құрылғылары кірді.

Бұл құрылғыларда WhatsApp соңғы рет 2020 жылғы 1 ақпанда жаңарған.

Аталған смартфондардың иелері WhatsApp қолданбасын әрі қарай қолдана алады, бірақ олар жаңармайтындықтан, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізе алмайды.