Қырғызстандағы сел: тағы 2 қазақстандық баланың денесі табылды

Жақын арада Қазақстан Республикасы Төтенше жайдайлар министрлігінің ұшағымен қаза тапқан 4 баланың денесі елге жеткізіледі

Қырғызстандағы сел: тағы 2 қазақстандық баланың денесі табылды
Ашық дереккөз
368

Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штабының ақпаратына сәйкес, сел тасқыны салдарынан бұрын жоғалып кеткен тағы 2 қазақстандық баланың денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі сел тасқыны салдарынан жоғалып кеткен тағы 2 Қазақстан азаматының денесі табылғанын растап отыр.

Қазақстандық дипломаттар қаза тапқандардың туыстарына барынша көмек көрсетіп келеді. Жақын арада Қазақстан Республикасы Төтенше жайдайлар министрлігінің ұшағымен қаза тапқан 4 баланың денесі елге жеткізіледі.

Серіктес жаңалықтары