Консерваторияда «Үш ішекті және фольклорлық аспаптар» кафедрасы ашылды

Консерваторияда «Үш ішекті және фольклорлық аспаптар» кафедрасы ашылды
1328

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Халық музыкасы» факультетінде «Халық әні», «Домбыра» және «Қобыз-баян» сынды үш кафедра болса, енді тағы бір «Үш ішекті және фольклорлық аспаптар» кафедрасымен толықты. 

2024 жылғы 26 маусымдағы Құр­ман­ғазы атындағы Қазақ ұлттық кон­сер­ваториясы Ғылыми кеңесінің ше­шімімен Халық музыкасы факуль­те­тін­де жаңа «Үш ішекті және фольклорлық ас­паптар» кафедрасы ашылды. 
Профессор, күйші-композитор Тө­леп­берген Тоғжанов «Халық музыкасы» фа­культетінің деканы болған 2 жыл ішін­де қазақтың ұлттық музыкасы та­ри­хында елеулі жаңалықтар жасап жат­қанын баса айтуымыз керек. 
Профессор Т.Тоқжанов былтыр «Дом­­­­­быра» кафедрасында «Үш ішекті дом­бы­ра­ны» мамандық ретінде енгізіп, сту­денттер қабылдаған болатын. Қазақтың му­зыкалық аспаптарын оқыту аясын кеңейту жолындағы Т.Тоқжановтың із­деністері мен еңбектері нәтижелі бо­лып, биыл жаңа бір кафедраны ашуға қол жеткізіп отыр. 
Консерватория ашылған 80 жыл ішін­де тұңғыш рет ашылып отырған «Үш ішекті домбыраны» мамандығы жә­не «Үш шекті және фольклорлық ас­паптар» кафедрасының ашылуына кон­серваторияның басшылығы мен Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жө­ніндегі проректоры Гүлнар Әбдірах­манның  еңбегі орасан. 
«Қазақ өнері мен мәдениетіне қо­сыл­­ған жаңа «Үш шекті және фольк­лор­лық аспаптар» кафедрасы құтты бол­сын! Халқымыздың музыка өнері әлем­ге танылып, рухани мұрамызға ай­налуы, ұлттық аспаптарымыздың дам­уы үшін оны жастарға оқыту аясын да кеңейтуге барымызды салып жатыр­мыз. Жаңа кафедра құрамында шертер, сыбызғы, жетіген, саз-сырнай, домбыра-прима, домбыра-бас аспаптары бар. 
Жаңа кафедра – ұлттық музыкамыз­ды оқыту ісіндегі жаңа белесіміз. Кон­сер­ватория әкімшілігіне, проректор Гүл­нар Әбдірахманға және жаңа кафед­ра­ның маңызын сезініп қолдаған Ғы­лы­ми кеңес мүшелеріне алғысым мен ри­зашылығымды білдіремін», – дейді «Ха­лық музыкасы» факультетінің дека­ны, профессор Т. Тоғжанов.

К.ИСЛАМҚОЖАҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары