Асаба, әзілкеш Колобок лақап атымен танылған, жуырда сәбилі болатынын айтып сүйінші сұраған Елдос Кәдірханов «Экомед» клиникалар желісінің басшысы Салтанат Байқошқарованың сіңілісі Перизат Байқошқарованың жасаған үндеуіне жауап қатты.
"Өмірі позитивті нотада жүретін отбасы едік...
Ешкіммен қырылмайтын, ешкіммен ұрыспайтын, ешкімді ренжітпеуге тырысатын едік, өзіміз ренжісек максимум боқтап, бұғаттап тастайтынбыз.
Бұл жолы әңгіме басқаша... қоянды қамыс, ерді намыс өлөлтіреді.
Әйеліммен баламыз жоқ деп жылаушы едік, енді Алланың қалауымен бәленбай жылдан соң жүкті болып әйелімнің тағы жылап жүргені жүрегіме батты.
Еш жаман ойымыз, ниетіміз жоқ, тек елге түсіндіріп айтқымыз келді. Рахмет!, – деп жазды.