«Егінші дрондар» шаруаның екінші тынысын ашады

Егіншілікте дрон қолданудың негізгі артық­шылығы қандай? Тиімді ме? Елімізде егін өнім­ділігін агродрон көмегімен арттыра аламыз ба? Дрондар қаншалықты қолжетімді? Басқа ел­дер оны қалай кәдеге жаратып жатыр?

«Егінші дрондар» шаруаның екінші тынысын ашады
www.istockphoto.com
532

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күніне орай Ақордада салтанатты жиын өтті. Оған республикалық ақпарат құралдары, өңірлердегі жетекші телеарналардың, газет-журналдардың, ақпараттық ресурстардың өкілдері қатысты.

Grand View Research дерегіне сүйенсек, 2028 жыл­ға қарай ауыл шаруашылығындағы дрон нарығы 11,2 миллиард АҚШ долларына дейін өсе­ді деген болжам бар. Ал PwC компаниясының зерт­­теуінше, дронды ауыл шаруашылығында қол­дану әлемдік агробизнеске жыл сайын ша­мамен 32 миллиард АҚШ доллары болатын қо­­сымша пайда әкелуі мүмкін. Бұл мәліметтер құ­рылғыны агросекторда қолданудың артық­шы­лығы мен экономикалық әсерін көр­се-
теді.

Егіншілікте дрон қолданудың негізгі артық­шылықтары қандай? Тиімді ме? Елімізде егін өнім­ділігін агродрон көмегімен арттыра аламыз ба? Дрондар қаншалықты қолжетімді? Басқа ел­дер оны қалай кәдеге жаратып жатыр?

Мүмкіндігі мың түрлі

Дрон – егін алқаптарына барлау жа­сауға таптырмас құрал. Жо­ғары сапалы бейнелер мен деректерді алу егін алқаптарының жағдайын бақылауға мүм­кіндік береді. Соның ішінде, өсім­дік­тің, яғни егіннің қандай жағдайда екенін де бағалай алады. Дрондар арнайы каме­ра­­­лармен жабдықталады, бұл өсім­дік­тер­дің жағдайын анықтауға көмектеседі. Осы арқылы фермерлер ауру мен зиян­кес­терді ерте анықтап, тиісті шаралар қол­дана алады.
Одан бөлек, су тапшылығын анықтай ала­ды. Дрондар топырақтағы ылғал­ды­лық деңгейін анықтап, суару жүйелерін тиім­ді басқаруға мүмкіндік береді. Бұл су ресурстарын үнемдеуге және өсімдік­тер­дің дұрыс суарылуына ықпал етеді. 
Тыңайтқыштар мен пестицидтерді дәл­ме-дәл мөлшерде қолдануға көмек­те­се­ді. Дрондар нақты белгілі бір аумақты қам­туға мүмкіндік береді. Бұл химиялық за­ттарды үнемдеуге және қоршаған ор­таны қорғауға септігін тигізеді. 
Дрондар егістікті автоматты түрде бүр­кіп, фермерлердің жұмысын жеңіл­де­теді және өнімділікті арттырады. Дерек­тер­ді талдау арқылы фермерлерге егіс жос­парлау және болжау мүмкіндігін бере­ді. Бұл егіннің өнімділігіне байла­ныс­ты болжам жасауға, фермерлердің ст­ра­тегиялық шешімдер қабылдауына кө­мек­теседі. Дрондар жоғары дәлдіктегі карта құ­растырып, фермерлерге егін алқап­та­рының нақты жағдайын көрсетеді, ло­гис­тикасын жақсартуға және ресурстарды тиім­ді басқаруға ықпал етеді.  
Тіпті, шағын жүкті де тасымал­дай­ды екен, бұл әсіресе үлкен фер­ма­лар­ға тиімді. Осылайша, фермерлер әр­түр­лі жұмыстарды қашықтан бақылап, фер­мадағы барлық процестерді оңай ба­с­қаруға мүмкіндік алады.
Жалпы, агросектордағы дрондар уа­қыт өткен сайын дамып келеді. Бола­шақ­та жасанды интеллектпен интегра­ция­лан­ған дрондар одан да ақылды әрі ав­то­номды бола түседі деген үміт бар. То­пы­рақ пен ауа сапасын бақылауға арналған жаңа сенсорлық мүмкіндіктер фермер­лер­ге экологиялық жағдайды жақсартуға кө­мектесетін болады.
Бағыты да бірнеше 

Осылайша, ауыл шаруашылығы са­ла­сында қолданылатын дрондар түрлі функ­цияны орындайды. Атқаратын қыз­ме­тіне байланысты олардың ерекшелігі мен мүмкіндігі де әртүрлі болады. Со­лар­дың негізгілеріне тоқталып өтсек.
Квадрокоптерлер. Оның артық­шы­лы­ғы – тұрақтылығында. Квадрокоптерлер тұрақты және бірқалыпты ұшады. Бұл олар­ды тар аумақта қолдануға мүмкіндік береді. Тыңайтқыштар мен пестицидтерді дәлме-дәл мөлшерде қолдануға ыңғайлы. Ашық деректерде бағасы да қалта кө­те­рер­лік екені айтылады. Дегенмен бата­рея­сы­ның қуаты шамалы, сондықтан ұзақ уа­қыт ұша алмайды. Үлкен егістік алқап­тарын жылдам қамти алмайды.
Фиксацияланған қанатты дрондар. Бұл дрон түрі алдыңғы айтылған­ға қарағанда ұзақ ұшуға қабілетті. Сон­дай-ақ үлкен аумақтарды қамти алады. Жыл­дамдығы да жоғары. Бұл үлкен егіс­тік алқаптарына жылдам мониторинг жа­сауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар үлкен көлемдегі деректерді тез жинай­ты­нымен ыңғайлы. Керісінше, олар тар ау­маққа барлау жасауға қолайсыз. Квад­ро­коптерлерге қарағанда қымбатырақ және техникалық қызмет көрсету күрделі болады. 
Гибридті дрондар. Гибридті дрон­дар­да әуелде аталған екі түрлі дрондардың ар­тықшылықтары біріктірілген. Яғни, әм­бебап, тұрақты ұша алады әрі үлкен ау­мақ­тарды қамти алады. Дегенмен гиб­рид­ті дрондардың құрылымы күрделі, сон­дықтан техникалық қызмет көрсету қиын болуы мүмкін. Бағасы да қымбат. 
Мультиспектралды дрондар да ауыл шаруашылығына қолданылады. Артық­шылығы – деректердің кең спектрін қам­ти­ды. Мультиспектралды камералар арқылы өсімдіктердің денсаулық жағ­дайын, топырақтың құрамын және ыл­ғалдылық деңгейін анықтайды. Анали­ти­ка­лық мүмкіндіктері де орасан. Бұл дрон­дар фермерлерге егін алқаптарының нақты жағдайын анықтауға және тиісті шаралар қабылдауға көмектеседі. Деген­мен соған сай бағасы да қымбат. Алынған деректерді талдау үшін арнайы бағдарла­ма­лық жасақтама және білім қажет.
Дрон түрін таңдау фермердің нақ­ты қа­жеттіліктері мен мақсатта­ры­на байла­нысты болады. Квадрокоп­тер­лер кіші­гірім аумақтар мен нақты жұ­мыс­тар үшін тиімді болса, фиксированды қа­­­­натты дрон­дар үлкен егістік алқап­та­рын қам­туға қолайлы. Гибридті дрондар екі тип­тің артықшылықтарын біріктірсе, муль­тиспектралды дрондар деректерді терең талдау мүмкіндігін береді. Дрондар­ды дұрыс таңдау фермерлердің жұмысын жеңілдетіп, егіншіліктің тиімділігін арт­тыру­ға көмектеседі. 
Агродрондарды, сондай-ақ оның қо­салқы бөлшектерін сату, дрон опера­тор­лары мен қызмет көрсету инженерлерін оқы­ту және сатудан кейін бағыт-бағдар беру қызметін көрсететін еліміздегі ком­па­нияның бірі дрондардың қай түрі аг­росекторға қолданылатыны туралы ай­тып берді.
– Агросекторда әртүрлі тапсыр­ма­лар­ды орындауға қабілетті дрондар аса қо­лайлы. Олар өнімділікті бақылап, тыңайт­қыштар мен пестицидтерді қолданып, бас­қару шешімдерін қабылдау үшін дерек жинайды. Мәселен, DJI Agras ауыл шаруа­шы­лығына арнайылап жасалады, тыңайт­­қыштар мен пестицидтерді шаша ала­ды. Бұл дрондар өрістерді өңдеу дәл­дігін жақсартады және ресурстарды тұтынуды азайтуға көмектеседі. Соның ішіндегі ең жақсысы – Agras T50 агросек­торлық дроны, – дейді компания өкілі Жұлдызай Жақсымбетова.

«Тілін білуге» білім қажет пе?

Дрондарды басқару, оны қолдану қан­шалықты қиын? Арнайы дайын­­­­дық, білім қажет пе? 
Жалпы, ашық дереккөздегі ақпарат­тар­ды саралайтын болсақ, дрондарды бас­қару негіздерін үйрену қажет. Бұл үшін арнайы курстар немесе оқыту бағдарла­ма­лары да бар. Соның ішінде, дрондардың техникалық жағдайын бақылау, күту жә­не қажет болған жағдайда жөндеу жұ­мыстарын жүргізу маңызды болғандық­тан, осы бағытта толыққанды ақпарат алу маңызды. Сондай-ақ дрондармен бір­ге қолданылатын түрлі сенсорлар мен бағдарламалық жасақтамаларды түсіну керек.
Сондай-ақ әр елде дрондарды ком­мерциялық мақсатта қолдану үшін ар­найы рұқсат алу қажет болуы мүмкін. Рұқ­сат алу процедураларын білу маңызды. Дрондарды пайдалану кезінде қандай қауіп­сіздік талаптарын сақтау керек еке­нін де білген абзал. NDVI сияқты индекс­тер­ді пайдаланып, өсімдіктердің жағ­дайын бағалау үшін деректерді интерп­ре­тациялауды үйрену керек.
Яғни, дрондарды ауыл шаруашылы­ғын­да тиімді қолдану үшін негізгі база­лық меңгеру қажет. Бұл дайындықтар дрон­дардың артықшылықтарын толық пай­даланып, ауыл шаруашылығы өнді­рі­сін арттыруға және шығындарды азай­ту­ға мүмкіндік береді. 
Десек те, маман Жұлдызай Жақсымбе­тованың айтуынша, дрондарды пайда­лану­ды, басқаруды үйрену үшін көп уа­қыт қажет емес.
– Агродрондарды тиімді пайдалану үшін аса бір арнайы білім мен дағды қа­жет емес. Дронды қолдануды үйрену үшін 5 күндік жаттығу жеткілікті, – дейді ма­ман.

Шығын ба, үнем бе?

Дрондарды сатып алу және пайдалану шы­ғындары дронның түрі, оның тех­ни­ка­лық сипаттамалары, қолдану мақсаты және техникалық қызмет көрсету қажет­ті­ліктері сияқты бірнеше факторға бай­ла­нысты өзгеруі мүмкін.
Дегенмен жалпы бағасы мың дол­лар­дан бастап жүз долларға дейін және одан да ары өсе береді. Одан бөлек, сақтан­ды­ру­ға, күтіп ұстауға, бағдарламасына, қо­сал­қы жабдықтарға және басқа да қажет­ті­ліктерге қосымша шығын кетеді екен.
Әйтсе де, маман ауыл шаруашылығына дрондарды қолдану шығын емес, кері­сінше пайда әкеліп, ақша үнемдеуге сеп болатынын айтады.
– Дрондарды пайдалану фер­мер­лер­дің шығындарын айтарлықтай азайтуы мүмкін, өйткені тыңайтқыштарды дәлі­рек және үнемді бөлуге және өсімдік ау­ру­ларын ерте анықтауға мүмкіндік бе­реді. Бұл өнімділіктің артуына және өнім­нің жоғалуын азайтуға әкеледі. Со­нымен қатар, дрондарды бүріккіш ретін­де пайдалану суды 90 пайызға дейін үнем­деуге және жерүсті техникасының дөң­гелектерімен тапталатын 6 пайыз өнім­ді сақтап қалуға көмектеседі, – дейді Жұл­дызай Жақсымбетова.

Елімізде қаншалықты қолданылады?

Елімізде егін шаруашылығында дрон­дар­ды пайдалану енді-енді қалыптасып ке­ле жатқан үрдіс деуге әбден болады. 
Сонымен қатар дрон шығару сала­сын­да да алғашқы қадам жасауға тал­пы­ныс байқалады. Нақтырақ айтқанда, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ, тау-кен жә­не өнер­кәсіптің басқа да салалары үшін Қы­таймен бірлесіп дрон шығаратын кәсіп­орын құру жоспарда бар екенін «Ата­мекен» кәсіпкерлер палатасы мәлім­деген болатын. Ұлттық палата кәсіпорын құру мә­селесі талқылап, осы жобаны іске асыру­дың маңызына да ерекше тоқталған еді. Дрондарға инвестиция салу ұшуды басқару бағдарламалық құралын әзірлеу, құрамдас бөліктер мен батарея техно­ло­гияларын өндіру сияқты байланысты са­лалардың өсуіне ықпал етуі мүмкін. Өз ке­зегінде, бұл айтарлықтай эконо­ми­ка­лық әсер тудырады және нарықтың қар­қын­ды дамуына ықпал етеді. Мемлекеттік органдар жобаны іске асыруға қызығу­шы­лық танытты.
Одан бөлек, маман дрондарды агро­сек­торда қолдануды ынталандыру үшін бірқатар шара қолға алынуы керек екенін айтады. 
– Дрондарды агросекторда қолдану үшін инфрақұрылымды, білім беру бағ­дарламаларын және құқықтық базаны да­мыту маңызды. Мемлекет тарапынан дрондарды сатып алуға субсидиялар беру, оқу және сертификаттау орталықтарын құру, сондай-ақ әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі заңнаманы жеңілдету арқылы қолдау көрсету бұл процесті едәуір жедел­детуі мүмкін, – дейді маман Жұлдызай Жақ­сымбетова. 
Kansas State University жүргізген зерт­теулер дрондар қолдану арқылы дақыл­дар­дың «денсаулығын» бақылау, арам­шөп­­терді анықтау және өнімділікті арт­тыруда шығындарды 75 пайызға дейін азайтуға болатынын көрсеткен.

Өзге елдер қалай кәдеге жаратуда?

Grand View Research дерегіне сүйен­сек, 2021 жылы ауыл шаруашылығындағы дрон нарығының көлемі 1,3 миллиард АҚШ долларына жеткен. 2028 жылға қа­рай нарық 11,2 миллиард АҚШ долларына дейін өседі деген болжам бар, бұл ретте CAGR көрсеткіші – 31,1 пайыз. CAGR (Compound Annual Growth Rate) – күрделі жыл­дық өсу қарқыны, яғни инвестиция­ның немесе нарықтың жыл сайын тұ­рақ­ты өсу қарқынын білдіретін көрсеткіш. Бұл көрсеткіш белгілі бір уақыт аралы­ғын­да инвестицияның немесе нарықтың бастапқы құнынан соңғы құнына дейінгі өсуін есептеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ экономикалық жағынан тиімді болуы Америка, Еуропа жә­не Азиядағы бірқатар елдерді бұл тех­нологияларды барынша жан-жақты сы­нақ­тан өткізуге ынталандырды.  Әлемнің түп­кір-түпкіріндегі фермерлер дрондар­дың артықшылықтарын көріп, оларды өз шаруашылықтарында кеңінен қолдануда. 
Сонымен, ауыл шаруашылығында дрон­дарды пайдаланудың бірнеше ха­лық­аралық мысалы бар, әртүрлі елдердегі фермерлер дрондар мен байланысты тех­нологияларды қолдану арқылы өнім­ді­лікті арттыруға және шығындарды азай­туға тырысады. 
Мәселен, PrecisionHawk компаниясы ұсы­натын дрондар АҚШ-та егін алқап­та­рын бақылау, өсімдіктердің денсаулығын бағалау және суару қажеттіліктерін анық­тау үшін қолданылады. NDVI карталарын қол­дану арқылы фермерлер өсімдіктердің жағдайын ерте анықтап, қажетті шара­лар­ды уақытылы қабылдайды, бұл өнім­ділік­ті арттырады және шығындарды азай­тады. Америкалық фермерлердің ша­мамен 25 пайызы дрондарды өз шаруашылықтарында қолданады екен. Жапонияда Yamaha RMAX дрондары күріш алқаптарының шамамен 40 пайы­зында қолданылады деген дерек бар, бұл тыңайтқыштар мен пестицидтерді қол­дануды 50 пайызға дейін азайтуға мүм­кіндік береді. Аустралияда Aerobotics ком­паниясы жүзімдіктер мен цитрус бақ­тарын бақылау үшін дрондарды пай­даланады, өсімдіктердің стресстерін анық­тап, арамшөптерді басқаруға көмек­теседі. Дрондардың және AI арқылы тал­даудың көмегімен фермерлер нақты уақыттағы деректерге негізделген шешім­дер қабылдап, өнімділікті арттырады және ресурстарды тиімді пайдаланады.
Осылайша, әртүрлі елдердегі тәжі­ри­белер дрондардың ауыл шаруашылығында қолданудың тиімділігін растайды. Бола­шақ­та бұл технологиялар одан әрі дами түсіп, фермерлерге жаңа мүмкіндіктер аша­тыны сөзсіз.

Жалпы, дрондар ауыл шаруашылығында, соның ішінде егіншілікте тиімділікті арттыру және шығындарды азайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Олар егін алқаптарын мониторингтеу, тыңайтқыштар мен пестицидтерді қолдану, егіс жоспарлау және ферма менеджменті салаларында маңызды рөл атқарады. Елімізде енді ғана таралып келе жатқан жаңа технология егіншіліктің екінші тынысын ашатыны сөзсіз. Бұл ретте оны өндіру және қолдануды реттеу мен ынталандыруға байланысты шаралар атқарылуы керек екені байқалады.
 

 

Серіктес жаңалықтары