684
Еліміздегі кей банктердің қосымшасы қауіпті екені анықталды
Агенттік қаржы ұйымдарынан мәселені реттеуді талап етті.
Мобильді қосымша арқылы төлем жасау кең таралып келеді, алайда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (АРРФР) қауіп барын ескертеді.
Агенттік 5 банктің қосымшасы ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін анықтаған. Атап айтқанда, Halyk, ВТБ, Bereke, RBK және "Нұрбанк". Агенттік қаржы ұйымдарынан мәселені реттеуді талап етті.
Сондай-ақ, банк қылмыстық кірістерді заңдастыруға және жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша Қаржылық мониторинг ережелерін бұзғандықтан, ведомство RBK-дан 2,3 млн теңге өндіріп алды. Аталған банк есепті уақтылы ұсынбаған.