Дәрігерлер эпилепсиямен ауыратын жасөспірімнің миына нейростимулятор орнатты

Бұрын ол күніне 2, тіпті 100 рет талып қалатын.

Дәрігерлер эпилепсиямен ауыратын жасөспірімнің миына нейростимулятор орнатты
bbc.com
1084

Эпилепсиямен ауыратын 13 жастағы ұлыбританиялық Оран Ноулсон миына нейростимулятор орнатқан алғашқы адам атанды, деп хабарлайды turkystan.kz bbc-ге сілтеме жасап.

Оран былтыр қазан айында Лондондағы Грейт-Ормонд-Стрит ауруханасында жасалған болатын. Аталған құрылғыны орнатқалы бері Оранның талып қалуы 80 пайызға азайған. Бұрын ол күніне 2, тіпті 100 рет талып қалатын. Науқастың анасы оның бақыттан балбұл жайнап жүргенін айтады.

Оның айтуынша, Оран эпилепсиямен бала кезден бастап ауырған. Көп жағдайда ол талып қала беретін. Кейін жағдай ушығып, тіпті тыныс алмайтын болды.

Аталған құрылғы ток импульсын жіберу арқылы талып қалудың алдын алады. Бұл талмалы ауруға әкеп соғатын сигналдарды «бұғаттайды». Оранның ми қыртысы мен ортаңғы ми арасында орналасқан таламуста екі электрод кіріктірілген. Таламус нейрондар арасындағы сигналды таратуда маңызды рөл атқарады.

Нейростимулятор сымсыз құлаққап арқылы қуатталады.

Серіктес жаңалықтары