461
Павлодар әуежайына 600 мың теңгеден аса айыппұл салынды
Павлодар әуежайына сұратылған ақпаратты ұсынбағаны үшін 600 мың теңгеден аса айыппұл салынды. Бүл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz «Астана» арнасына сілтеме жасап.
Ведомство басшысының орынбасары Қуат Өтеуовтің сөзінше, "Павлодар әуежайы" АҚ-ға қатысты аэровокзал аумағында сауда алаңдарын жалға беруге монополиялық жоғары баға белгілеу бөлігінде үстемдікті асыра сілтеп пайдалану белгілері бойынша тергеу жүргізілген. Тергеу Кәсіпкерлік кодекстің 224-бабы негізінде тоқтатылған.
11 сәуір күні жүргізіліп жатқан тергеу шеңберінде сұратылған ақпаратты ұсынбау фактісі бойынша" Павлодар әуежайы" АҚ 664 560 теңге сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Қуат Өтеуов.