«Иттігімді кешірмеймін»: Медеу Арынбаев әйеліне айтқан сөзі үшін өкінетінін айтты

Еске салсақ, өнер иесінің әйелі осыдан 13 жыл бұрын өмірден өткен еді.

«Иттігімді кешірмеймін»: Медеу Арынбаев әйеліне айтқан сөзі үшін өкінетінін айтты
Instagram
1100

Танымал әнші Медеу Арынбаев өмірінде қатты өкінетін әрекеті жайлы айтты. 

«Қызды болатын кезім. Жігіттермен бас қосып, тойлауды бастап кеттік. "Құдай қаласа екіншісін күтіп жатырмыз. Құдайдан ұл тілеп отырмын" дедім. Әйелімді перзентханаға алып кетті. Үйде аналарымыз күтіп жатыр. Сол кезде келіншегіме қолдау білдіріп, демеу болуды ойламаппын. Қайтеміз сол кезде оңбадық қой. Балалық болды ма? Шалалық болды ма? Өзімді сол үшін әлі кешірмеймін. Түннің кезінде маған қоңырау шалып, қыз дүниеге келгенін айтты. Таңғалып қалдым. Кейін қызым үйге келген соң, ұл бала қолдан тарта береді. Қыз баланың жөні бөлектеу екен. Қырқынан шыққан соң қызыма деген сүйіспеншілігім ерекше болып кетті. Әлі күнге дейін сондай. Күнде кешірім сұраймын. Сол кезде айтқан иттігімді кешірмеймін», – деді ол "Ұрпақ" подкастында.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандық танымал әнші Медеу Арынбаевтың әйелі осыдан 13 жыл бұрын өмірден өткен еді.

Серіктес жаңалықтары