Ақтөбе облысында дельтаплан апатқа ұшырап, ұшқыш қаза болды
Бұл оқиға бойынша ҚР Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрды
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы Жарық ауылының маңында өндірістік жұмыстарды орындау барысында "Самғау АГРО" ЖШС-ға тиесілі "Дельтаплан" ұшу-аппараты апатқа ұшырады. Дельтапланның ұшқышы қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.
Zakon.kz мәліметінше, ҚР Көлік министрлігі кеше, 21 маусымда Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мәдениет ауылының маңында ұшуды орындау барысында "Самғау АГРО" ЖШС-ға тиесілі Ан-2 әуе кемесі жерге қатты екпінмен қонғанын хабарлады. Бортта екі адамнан тұратын экипаж мүшелері болды.
Бұл оқиға бойынша ҚР Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрды.
Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберілді. Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі қағидаларға сәйкес, бұл оқиға да авиациялық оқиға ретінде қаралады, - дейді ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.