Ақтау мен Жаңаөзен арасында жан түршігерлік жол апаты болды

Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақтау мен Жаңаөзен арасында жан түршігерлік жол апаты болды
сурет ашық дереккөзден алынды
527

Жаңаөзен-Ақтау арасындағы тасжолда жол апаты болып, адам өлімі тіркелді, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қайғылы жағдай Жаңаөзен қаласына таяу маңдағы жолдың ұшақ қонатын аумағында тіркелген. Әлеуметтік желіде жария болған суреттерде оқиға кезінде Lexus GS300 көлігінің жол ортасын бөліп тұрған темір жиекке қатты жылдамдықпен соғылғанын аңғаруға болады. Сонымен бірге, көлікте болған екі адамның қозғалыссыз жатқаны анық байқалады. Әзірге аталған оқиғаға қатысты облыстық ПД ақпарат таратпады.

МО полиция департаментінің баспасөз қызметі көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары