Қостанай облысында өзенге батып кеткен екінші қыздың денесі өлі табылды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға Варваринка ауылындағы Аят өзенінің маңында болған. 2008 және 2006 жылы туған жасөсіпімдер ата-анасымен демалып жүрген.
Кеше құтқарушылар бір қыздың денесін алып шыққан еді. Ал екінші қызды іздеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатқан болатын.
Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысында 2 қыз суға батып кеткені жайлы хабарлаған болатынбыз.