Қазақстан тұрғын үй компаниясының жаңа басшысы тағайындалды

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының» басқарма төрағасы Алтай Күздібаев болды.

Қазақстан тұрғын үй компаниясының жаңа басшысы тағайындалды
Қазақстан тұрғын үй компаниясы

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин бүгін «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ ұжымына тағайындалған басқарма төрағасы — Алтай Күздібаевты таныстырды.

Айта кетейік, Алтай Күздібаев 1985 жылы туған.

«Халықаралық экономика» мамандығы бойынша М. В. Ломоносов атындағы ММУ тәмамдаған.

Менеджмент магистрі дәрежесі бар. 

Еңбек жолын 2008 жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да бастап, 2009-2012 жылдары «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-де жұмыс істеді.

2012 жылғы қарашадан 2013 жылға дейін Ұлттық банктің еншілес ұйымы — «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

2013 жылғы қарашадан 2020 жылғы тамызға дейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы «Бәйтерек девелопмент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметінде болды.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның тұрғын үй блогі біріктіріліп, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ-ға қосылғаннан кейін Алтай Куздибаев «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымына ауыстырылды.