Ауданы 30 гектардан аспайтын батпақты жерде қамыс өсімдіктерінің жануы байқалады. Бұл ғарыштық суреттерде көрсетілген (фотосуреттерде жылу нүктесі белгіленген), деп жазды turkystan.kz.
"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК " АҚ космомониторингінің деректеріне сәйкес "Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты" РММ аумағында ашық өрт байқалмайды.
Бүгінде "Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты" РММ қызметкерлері осы учаскеде барлау жұмыстарын жүргізуде. Резерват пен ТЖМ бірлескен күштерімен жану ошағы оқшауланды.
Өрт алаңын Экология министрлігінің комиссиясы белгілейді, оған ТЖМ қызметкерлері де кіреді.