Теннисші Григорий Ломакин Тунистегі жарыста жеңімпаз болды

Григорий Ломакин кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Теннисші Григорий Ломакин Тунистегі жарыста жеңімпаз болды
Сурет: ҚТФ
344

Григорий Ломакин жұптық сында Монастир (Тунис) ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстандық теннисші ресейлік Егор Агафоновпен бірге финалда жарыстың 1-ракеткалары саналатын бразилиялық Пауло Андре Дос Сантос - оңтүстікафрикалық Крис Ван Викпен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Қазақстандық-ресейлік жұп 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бұған дейін Ломакин Пауло Андре Дос Сантоспен бірге Монастирде дәл осындай додада үздік шыққан еді.

Серіктес жаңалықтары