Сауд Арабиясына қажылыққа барған 14 Иордания азаматы қатты ыстықтан қаза тапқан. Бұл туралы BBC жазды.
Иорданияның Сыртқы істер министрлігі елдің 14 азаматы қатты ыстықтан қайтыс болып, 17 адам хабар-ошарсыз кетті деп хабарлаған.
AFP ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Қызыл Жарты Айы Бес Ирандық қажының да қаза тапқанын растады, бірақ олардың қалай қайтыс болғаны нақты айтылмаған.
Иордания шенеуніктері хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу жалғасуда деп мәлімдеді.
Сауд Арабиясының ұлттық метеорологиялық орталығының басшысы өткен аптада "Биыл Мекке мен Мединада орташа температура қалыптыдан 1,5-тен 2 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде" - деп мәлімдеген болатын.