Түркістанда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жазаланды

/
Түркістанда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жазаланды
Polisia.kz

Түркістан облысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Түркістан облысында көлік шеруін ұйымдастырып, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушілер полицияның бейнебақылау камераларына түсті.

Жедел басқару орталығының қызметкерлері қауіпті маневр жасап, жол тәртібін бұзған 8 автокөліктің иесін анықтады.

Нәтижесінде автокөліктер арнайы айыптұраққа қойылса, ал жүргізушілерге қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.

Бұдан бөлек Daewoo Nexia екі автокөлігі қарсы қозғалыс жолағына шыққаны тіркелді. Аталған жүргізушілерге қатысты жинақталған материалдар сотқа жолданды.

Полиция жолдағы тәртіп бейнебақылау камералары арқылы тұрақты бақылауда екенін ескертеді. Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған әрбір әрекет назардан тыс қалмайды және заң аясында тиісті шара қабылданады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары