Арман Шораев өзіне тағылған айыпты жоққа шығарды. Ал өзіне ұқсайтын адамның әйел кісіні сүйрелеп жүргенін жасанды интелект көмегімен істелген деп мәлімдеді. Ал бүгін әлеуметтік желіде қыз баласына қашан қол көтергенін есіне алды, деп жазды turkystan.kz.
«Қыз баласына қашан қол көтергенімді есіме түсірдім. Төртінші сыныпта оқып жүрген кезім. Сол шақта сыныптасым Света Буторина «жетімек» деп мұқатты. Ішінен қатты тептім. Өйткені бұл сөз маған да ауыр тиді. Бұдан бір жыл бұрын ғана әкемді жер қойнына тапсырған болатынмын», - деп жазды Арман Шораев.