521
Болашақта ұялы телефон болмайды, оның орнын ми импланты басады – Илон Маск
Қазір Neuralink жануарларға эксперимент жасап жатыр және оны адамдарға сынап көруге дайындалып жатыр.
Болашақта ұялы телефон болмайды, оның орнын Neuralinks ми импланттары басады деп мәлімдеді Илон Маск Х-тегі парақшасында.
Neuralink 2016 жылы Илон Маск негізін қалаған, ультра жұқа электродтарды пайдаланып адам миын компьютерге қосу технологиясын әзірлейтін компания. Компанияның негізгі мақсаты – әртүрлі неврологиялық ауруларды емдеуге, когнитивті функцияларды жақсартуға және жалпы жасанды интеллектпен синтезге қол жеткізуге мүмкіндік беретін нейрон интерфейстерін құру.
Қазір Neuralink жануарларға эксперимент жүргізіп жатыр және оны адамдарға сынап көруге дайындалып жатыр.