Солтүстікте бір отбасының 2 баласы астан уланып қайтыс болды

СҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары науқастардың жағдайы ауыр екенін айтады

Солтүстікте бір отбасының 2 баласы астан уланып қайтыс болды
istockphoto.com
406

Солтүстікте бір отбасының екі баласы астан уланып, көз жұмды, деп жазады turkystan.kz Адырна ұлттық порталына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай Надежка ауылында болған. 3 және 6 жастағы екі бала пицца, шұжық, газдалған сусын ішкен. Одан бөлек үлкендер де уланып, дәрігерлер көмегіне жүгінген.

СҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары науқастардың жағдайы ауыр екенін айтады.

2017 жылғы қыздың жағдайы өте ауыр.Ем шаралар жасалып жатыр. Ауруханада жатқан аналары жансақтау бөлімшесінде. Әйел ауыр жағдайда келген, қазір жағдайы қалыпты. Әкесін дәрігерлер қарап шықты, ол ауруханаға жатудан бас тартты. Биологиялық материалдар тегіс сараптамаға жіберілді, - дейді Раиса Құсайынова.

3 жасар ұл бала мен 6 жастағы қыз таңға жуық қайтыс болған. Қос бүлдіршінінен айырылған 28 жастағы ана сол күні пицца, шұжық жеп, газдалған сусын ішкенін айтады. Ал әкелері дүкеннен дайын тұшпара сатып алып жегенін айтқан. Бірақ науқастардың нақты неден уланғаны әзірге белгісіз. Қайғылы оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары