Бұршақ, жел: 15 маусымға арналған ауа райы болжамы

Республиканың шығысында және орталығында күн күркіреп, бұршақ, нөсер жаңбыр жауады

Бұршақ, жел: 15 маусымға арналған ауа райы болжамы
istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК 15 маусымда еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болатынын жариялады, деп жазады turkystan.kz.

Республиканың шығысында және орталығында күн күркіреп, бұршақ, нөсер жаңбыр жауады.

Еліміздің батысы мен оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, түнде солтүстікте тұман түседі.