Түркістан облысында 4 жасар баланың денесі табылды

Үлкендердің қарауынсыз қалған бала суға құлап кеткен.

Түркістан облысында 4 жасар баланың денесі табылды
istockphoto.com
607

Түркістан облысында суға батып кеткен 4 жасар баланың денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Сарыағаш ауданындағы Ынтымақ ауылында 2020 жылы туған ұл бала көз жұмған. Баланың денесін жергілікті тұрғындар Ашынау каналынан тауып алған.

Алдын ала мәлімет бойынша, үлкендердің қарауынсыз қалған бала суға құлап кеткен. Құтқарушылар балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары