«Лақтырып тастаңыз»: Дания дүкендерінде корейлердің рамен тағамын сатуға тыйым салынды

«Егер сіз мұндай тағамды сатып алсаңыз, лақтырып тастаңыз немесе сатып алған дүкенге қайта апарып беріңіз»

«Лақтырып тастаңыз»: Дания дүкендерінде корейлердің рамен тағамын сатуға тыйым салынды
495

Данияның дүкендерінен корейлердің рамен тамағын тым ащы болғаны үшін сатылымнан алынып тасталады, деп хабарлайды turkystan.kz The Guardian-ға сілтеме жасап.

Азық-түлік істері жөніндегі агенттік арнайы тексеріс кезінде тез дайындалатын раменнің құрамында капсаициннің (бұрышты ащы ететін зат) шектен тыс көп екенін анықтады. Агенттік өкілдері бір қаптамадағы зиянды заттардың құрамында тым ащы қоспа көп болғаны сонша, мұны жеген адам уланып қалуы мүмкін екенін айтады.

«Егер сіз мұндай тағамды сатып алсаңыз, лақтырып тастаңыз немесе сатып алған дүкенге қайта апарып беріңіз», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, олар ата-аналарға балаларға тез дайындалатын кеспені бермеуге үндеді.

Серіктес жаңалықтары