Жетісу облысында 30 жастағы келіншекке жақындары іздеу салып жатыр.
Таныстарының айтуынша, соңғы рет ол Алакөл ауданы Жұмахан Балапанов ауылындағы үйінен Үшарал қаласына шығып кетіп, оралмаған.
Жоғалған келіншек туралы ақпарат Instagram-дағы жергілікті пабликтердің бірінде жарияланды.
«Келіншек жоғалды. Есімі – Айым, 1994 жылы туған. Балапанов ауылының келіні, кеше Үшаралға келген. Содан үйіне оралмаған. Артында жеті баласы қалды. Омырауда сәбиі бар. Көрген-білгендер болса 8 702 137 34 08 хабарлассыншы», - дейді жақындары.
Жетісу облыстық полиция департаментінің өкілдері аталған әйелдің туыстары полицияға жүгінгенін мәлім етті.
«Арыз түскен, іздеп жатырмыз», - деді облыстық ПД ресми өкілі.