Арқалықта 220 млн теңгеге бағаланған мешіт сатылымға шығарылды

Арқалықта 220 млн теңгеге бағаланған мешіт сатылымға шығарылды

Арқалықта  220 млн теңгеге бағаланған мешіт сатылымға шығарылды
ашық дереккөзі

Қостанай облысы Арқалық қаласында құны 220 млн теңгелік мешіт сатылымға шығарылды. Бұл туралы krisha.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады. 

 "Арқалық қаласында 600 адамдық мешітті сатамын. Ғимарат 85-90%-ға әзір. Жері - 300 сотық. Жалға беру ұсынысын да қарастырамын. Жылына 200 мың теңгеге. Ғимаратты өзге бизнеске өзгертуге әзір серіктесті де іздестірудеміз. Құрылыс материалдары бар", - делінген 12 наурызда жарияланған хабарландыруда.

Tilshi.kz сайтының мәліметіне сәйкес, мешіт 220 миллион теңгеге сатылмақ. Ғимарат «иесі» нысанның 2000 жылы кірпіштен тұрғызылғанын айтуда. Жағдайы жақсы. Интернет жүйесі бар. Сонымен бірге, қауіпсіздік мақсатында терезелерінің торланғаны айтылған. Сигнал беру қондырғыларымен жабдықталған.