Үйінде татуировка жасатпақ болған 24 жастағы қыз қайтыс болды

Татуировка жасайтын маман қыздың үйіне келіп, ауырсынуды басатын дәрі салған

Үйінде татуировка жасатпақ болған 24 жастағы қыз қайтыс болды
www.istockphoto.com
1579

Санкт-Петербургте татуировка жасатпақ болған 24 жастағы қыз реанимацияға түсті, деп хабарлайды  78.ru-ға сілтеме жасап.

Оқиға 2 маусым күні болған. Татуировка жасайтын маман қыздың үйіне келіп, ауырсынуды басатын дәрі салған. Нәтижесінде қыздың денсаулығы күрт нашарлап, ол есінен танып қалған. Белгілі болғандай, ол сол уақытта басқа да дәрілер ішіп жүрген. 

Оқиға орнына жедел жеткен дәрігерлер улану және клиникалық өлім деген диагноз қойды. Дәрігерлер бір апта бойы оны аман алып қалуға бар күшін салғанымен, ол тіл тартпай қайтыс болды.

Полицейлер қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсетуге қатысты қылмыстық іс қозғады.

Серіктес жаңалықтары