«Түркістанның ыстығы Африкамен бірдей»: Нигериялық студент қазақ тілін үйренуге қанша уақыт кеткенін айтты

Нигерия тумасы Абдылазиз Моаз Ш.Есенов университетінде 3 курс оқиды.

«Түркістанның ыстығы Африкамен бірдей»: Нигериялық студент қазақ тілін үйренуге қанша уақыт кеткенін айтты
видеодан скриншот
536

Нигерия елінің азаматы Абдылазиз Моаз қазақ тілін үш жыл ішінде үйреніп алғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz «Turkistan» телеарнасына сілтеме жасап.

Абдылазиз Африка асып біздің елге білім алу үшін арнайы келген. Қазір ол Ш.Есенов университетінің 3 курс студенті. Туризм саласында білім алады.

Түркістанға үшінші рет келген ол қаланың адамдары да, ауа райы да ұнайтынын айтады.

«Түркістанға үшінші рет келіп тұрмын. Түркістанның ауа райы жақсы. Қала да жақсы. Таза қала. Кешке Керуен сарайға бардым. Күшті. Көңіл күйіңді көтереді. Маған көмектеседі», – дейді Абдылазиз.

Сондай-ақ ол Түркістанның ыстығы өзі туып-өскен Африканың ыстығымен бірдей екенін айтты.

«Маған қыс та, жаз да ұнамайды. Түркістанда ыстық қой, алайда сондай қатты ыстық емес. Маған ұнайды. Африканың ыстығымен бірдей сияқты», – дейді нигериялық.

Абдылазиз Қазақстанға үш жыл бұрын оқуға келгенін айтады.

«Мен Қазақстанға келгеніме үш жыл болды. Қазақшаны үйренгеніме де үш жыл болды», – дейді ол.

Серіктес жаңалықтары