Нұрбол Жұмасқалиев бас бапкердің міндетін атқарушы болып тағайындалды

Бүгін кешкі жаттығудан кейін ол командаға таныстырылды.

Нұрбол Жұмасқалиев бас бапкердің міндетін атқарушы болып тағайындалды
Сурет: tobyl-torgai.kz

«Тобыл» бас бапкерінің міндетін атқарушы болып Нұрбол Жұмасқалиев тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрбол Жәрдемұлы команда ойыншыларымен, жалпы Қостанай футболының тарихымен жақсы таныс. Клубтың аңыз ойыншысы екені футболсүйер қауымға белгілі. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы ол «Тобылды» жаттықтырған, айдың үздік жаттықтырушысы да атанды.