Ғарышкерлер Жерге ғарыштан сағат сайын белгісіз сигнал келіп жатқанын байқаған. Бұл туралы Nature Astronomy басылымында жарияланған зерттеуде айтылған.
Зерттеуде айтылған ақпаратқа сүйенсек, сигнал ғарышкерлерді таңғалдырып отыр. Себебі мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған. Ғалымдар бірнеше айдан бері оның қайдан шығып жатқанын анықтай алмай жатыр. Сигнал әр 54 минут сайын қайталанады, оның қарқындылығы мен жиілігі өзгеріп отырады.