Мөлдір Жаңбырбай халықаралық жүлдеге ие болды

Касабланкада (Морокко) өткен Karate1 Premier League халықаралық турнирінде Мөлдір Жаңбырбай 50 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды.

Мөлдір Жаңбырбай халықаралық жүлдеге ие болды
Қазақстан каратэ федерациясы

Қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай әр салмақ дәрежесінде үздік спортшыларға берілетін Grand Winner марапатын алды. Бұл туралы Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Касабланкада (Морокко) өткен Karate1 Premier League халықаралық турнирінде Мөлдір Жаңбырбай 50 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ ол алғаш рет Grand Winner атағына ие болды.

Айта кетейік, Grand Winner марапаты маусым бойы Премьер лига кезеңдерінде ең көп ұпай жинаған спортшыларға беріледі.

 Мөлдір Анталияда алған алтын медальді қосқанда осы маусымда барлық үш жарыста жүлде еншіледі.