Туды таптады: ҚФФ футзалшы Игитаның әрекеті заңды органмен қарастырылатынын мәлімдеді
Федерацияның мәліметінше, барлық жағдайлар талданып, қажетті тәртіптік шаралар қабылданады
Қазақстан футбол федерациясы Футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны және «Қайрат» АФК өзге ойыншыларымен болған жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.
«Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрама мен «Қайрат» АФК капитаны Лео Игитамен және өзге де алматылық ойыншылардың қатысуымен болған жағдай ұйымның тиісті заңды органымен қарастырылатынын мәлімдейді.
Федерация мұндай жағдайдың алдағы уақытта қайталанбауына, ойыншылар арасында этика мен кәсібиліктің жоғары деңгейін ұстап тұруға, сондай-ақ жанкүйерлер арасында мұндай оқиғалардың алдын алуға бар күшін салады.
Барлық жағдайлар талданып, қажетті тәртіптік шаралар қабылданады», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, желіде Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» клубының капитаны Игита бастаған футзалшылар автобусқа дейін жанкүйерлер төсеп қойған қарсылас командалардың эмблемаларын басып өткен видео тарағаны жайлы хабарлаған болатынбыз.