557
Алматы-Өскемен тас жолында 5 адам қаза тапты
Nissan Primera жүргізушісі рульді басқара алмай, жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылған. Оқиға салдарынан бес адам қаза тапты.
Алматы-Өскемен тас жолының 55 шақырымында бес бірдей адамның өліміне себепші болған жол көлік апаты болды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Оқиға салдарынан бес адам қаза тапты.
«Nissan Primera жүргізушісі рульді басқара алмай, жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылды. Жүргізуші мен төрт жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. 12 жастағы кәмілетке толмаған ұл бала Қонаев қаласының ауруханасына жеткізілді», — делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.