Қарағанды ​​облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза болды

Оқиға салдарынан бес адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жатқызылды

Қарағанды ​​облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза болды
istockphoto.com
537

Жол апатынан Chevrolet Cobalt көлігінің төрт жолаушысы мен 22 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, деп жазады turkystan.kz.

Inbusiness.kz сайтының мәліметінше, 8 маусымға қараған түні Қарағанды маңында үш көлік соқтығысып, жантүршігерлік жол апаты болды. Оқиға салдарынан бес адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жатқызылды.

Жол апаты Қызылорда-Павлодар тасжолының 931-шақырымында, Дубовка ауылының маңында болған. Сағат 22:23-те Audi, Chevrolet Cobalt және Toyota Previa көліктері соқтығысқан.

Оқиға салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің төрт жолаушысы мен 22 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан тіл тартпай кетті. Audi-дің 21 жастағы жүргізушісі, оның 17 жастағы жолаушысы және Toyota Previa көлігінің 39 жастағы жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді.

Қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерге жол-қауіпсіздік ережелерін сақтау керегін ескертеді, – деп хабарлады полиция.

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ауруханаға түскендердің жағдайына қатысты түсінік берді. Ведомствоның мәліметінше, екі адам ауруханада ауыр халде жатыр. Қалғандары амбулаторлық емдеуге жіберілді.

Серіктес жаңалықтары