653
Бұрынғы уақытты қайтару туралы петицияға 50 мың адам қол қойды
Ал қолданыстағы заңға сәйкес, 50 мың дауыс жиналған петиция үкімет деңгейінде қаралады
Бұрынғы уақытты қайтару туралы петицияға 50 мың адам қол қойды, деп жазады turkystan.kz.
Бұған дейін epetition.kz сайтында «Бұрынғы уақытты қайтару» деген атаумен петиция жарияланған болатын. Ал Сауда және интеграция министрлігі мүдделі тараптардың мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін қоса, жұмыс тобын ұйымдастырмақ.
Өтінішті қарау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүргізілетін болады. Мерзімі - 40 жұмыс күні.
Ал қолданыстағы заңға сәйкес, 50 мың дауыс жиналған петиция үкімет деңгейінде қаралады.