Үндістанда аптап ыстықтан пана іздеген 32 жабайы маймыл құдыққа батып кеткен

Аптап ыстықтан қашқан жабайы жануарлар пана іздеп елді мекендерге кіріп жатыр.

Үндістанда аптап ыстықтан пана іздеген 32 жабайы маймыл құдыққа батып кеткен
сурет: istockphoto.com

Үндістанда аптап ыстықтан пана іздеген 32 жабайы маймыл құдыққа батып кеткен. Бұл туралы euronews.com хабарлады. 

Аптап ыстықтан қашқан жабайы жануарлар пана іздеп елді мекендерге кіріп жатыр.

Елдің орман ресурсына жауапты мекемелерінің айтуынша, маймылдар Джарханд штатындағы құдықтан өлі күйінде табылған. Олар су үшін құдыққа секірген, өйткені басқа су көздері кеуіп, тартылып қалған.

Бірнеше күн бұрын аталған елді мекенде су іздеп, құдыққа құлаған бірнеше қорқау қасқырдың өлексесі табылыпты.