754
Қатерлі ісіктің барлық түріне қарсы әмбебап ресейлік вакцина алғашқы сынақтан өтті
Меланомасы бар тышқандарға сыналған вакцина 100% тиімділік көрсеткен.
Қатерлі ісіктің барлық түрлеріне қарсы әмбебап ресейлік вакцина алғашқы сынақтан өтті. Бұл туралы gazeta.ru басылымы жазды.
Революциялық вакцина туралы академик Александр Гинсбург мәлімдеген.
Вакцина әр науқасқа жеке әзірленеді екен, дәрігерлер науқастың ісігінің бір бөлігін алып, оған сәйкес келетін препаратты шығарады. Сонымен қатар, оны қатерлі ісік анықталған кезде ғана қолдану керек, профилактикалық вакцинация жоқ.
Меланомасы бар тышқандарға сыналған вакцина 100% тиімділік көрсеткен. Вакцина салынбаған кеміргіштер 19-22-күні өлі күйде табылған, ал вакцинацияланғандардың барлығы тірі қалған.