Интернет өмірді жақсырақ әрі көңілді етеді – ғалымдар таңғаларлық қорытындыға келді

Ғалымдар 168 елдің 2,4 миллион адамы қатысқан жаңа үлкен зерттеу қорытындысын жариялады.

Интернет өмірді жақсырақ әрі көңілді етеді – ғалымдар таңғаларлық қорытындыға келді
cурет: istockphoto.com
843

Интернет өмірді жақсартады және көңілді етеді, әлеуметтік әл-ауқатты арттырады және жағымды эмоциялар әкеледі. Бұл туралы Technology, Mind, and Behavior журналында жарияланған зерттеу қорытындысында айтылған.

Ғалымдар 168 елдің 2,4 миллион адамы қатысқан жаңа үлкен зерттеу қорытындысын жариялады.

Интернетті пайдалану мен өз-өзін жақсы сезіну арасындағы байланыс әлі де толық нақтыланбағанын айтқан ғалымдар жаңа зерттеу интернетке қол жетімділіктің әл-ауқаттың әртүрлі аспектілеріне әсерін зерттеу арқылы бұл олқылықтың орнын толтыруға бағытталғанын айтады.

Зерттеушілер барлық көрсеткіштер бойынша интернетке қол жетімділік пен әл-ауқат арасындағы тұрақты оң байланыстарды анықтады. Нәтижелер әртүрлі елдер мен демографиялық топтарда айтарлықтай сәйкес келді, бұл интернетке қолжетімділіктің артықшылықтары көп екенін көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары