Юсуп Батырмұрзаев Венгриядағы турнирде күміс жүлде алды

Аса ауыр салмақта белдескен ол финалдықсында америкалық Мэйсон Пэрристен жеңіліп қалды.

Юсуп Батырмұрзаев Венгриядағы турнирде күміс жүлде алды
olympic.kz

Қазақстандық еркін күрес шебері Юсуп Батырмұрзаев Венгрияның Будапешт қаласында өткен рейтингілік турнирде күміс медаль алды, деп жазады Olympic.kz. 

Аса ауыр салмақта белдескен ол финалдықсында америкалық Мэйсон Пэрристен жеңіліп қалды. 

Белдесуде америкалық спортшы мерзімінен бұрын жеңіске жетті. 

Айта  кетелік, бұған дейін 97 келіде белдескен Әлішер Ерғали алтын, Ризабек Айтмұхан қола жүлдегер атанған болатын.