810
Қазақстандық 162 блогердің өтірігі әшкере болды
Қаржы министрлігі 745 блогердің кірісі мен шығысын тексерген.
Қаржы министрі Мәди Тәкиев салық органдарынан миллиардтаған кірісін жасыратын блогерлер туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, қаржы министрлігі 20 мыңнан астам жазылушысы бар 745 блогердің табысы мен шығысын тексерген.
«162 блогердің кірісі мен шығысы арасындағы айырмашылық 1,1 млрд теңгені құрады», - деп атап өтті Тәкиев «АФМ Online 2024» пікірталас алаңында.
Осыған байланысты шенеунік жиынға қатысушыларды көлеңкелі экономикаға қарсы белсенді күрес жүргізуге шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр қабылданған заң бойынша, блогерлер тапқан табысынан салық төлеуге міндетті.