«Ескертуді елемеген»: Ақтөбе-Орск тасжолында төрт жолаушы қаза тапты

Оқиға 5 маусым күні сағат сағат 15:00 шамасында болды.

«Ескертуді елемеген»: Ақтөбе-Орск тасжолында төрт жолаушы қаза тапты
Ақтөбе облысы ПД
821

Ақтөбе-Орск тасжолында жеңіл көлік аударылып, 4 жолаушы көз жұмды. Дәл осы такси қызметінің жүргізушісін бірнеше сағат бұрын полиция тоқтатып, жол ережесін сақтау туралы ескерту бергені анықталды.

Оқиға 5 маусым күні сағат сағат 15:00 шамасында болды. Ақтөбе-Орск арасында жолаушылар тасымалдайтын Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі Қарғалы ауданы Ащылысай ауылы маңында аударылып қалды. Салдарынан төрт адам мерт болып, бір адам ауруханаға түсті.

— Автокөлік жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Ресей Федерациясының Орск қаласына жолаушылар тасымалдайды. Ол бұл қызметті ресми атқарады. Жол-көлік оқиғасынан бірнеше сағат бұрын полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, жол-көлік оқиғасының алдын алу үшін түсіндірме жұмысын жүргізді. Бірақ жүргізуші полицейлердің ескертуіне елемеген. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады, — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Серіктес жаңалықтары