525
Қарағандыда балықшылар 4 тәуліктен бері табылмай жатыр
ТЖМ балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін еске салады.
Қарағандыда құтқарушылар балықшыларды төртінші тәулік іздестіріп жатыр.
«Шахтинск қаласынан 2 шақырым жерде, жасанды су қоймасында 1 маусымда моторлы қайықпен кетіп, қайтып оралмаған балықшыны іздеу жұмыстары 4 тәулік бойы жалғасуда. Сондай-ақ, 4 маусымнан бастап Осакаров ауданы 11 мамырда үрлемелі қайықпен жүзіп кетіп, қайтып оралмаған 1951 ж.т. балықшыны іздестіру жұмыстары қайта жүргізілуде», - делінген ақпаратта.
ТЖМ балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін еске салады.