Алматы әуежайының басшысы қызметінен кетті

Алып Ер Тоңа Ерсой Алматы әуежайын 2021 жылғы қыркүйектен бері басқарды.

Алматы әуежайының басшысы қызметінен кетті
Альп Эр Тунга Эрсой. Фотосурет: facebook.com/alaportofficial
565

Алматы әуежайының басшысы Алып Ер Тоңа Ерсой қызметінен кетті.

Әуежайдың баспасөз қызметі Алып Ер Тоңа Ерсойдың қызметінен кетуі әуежайдың жаңа халықаралық терминалының құрылысы аяқталған соң жоспарланғанын жазды.

Алып Ер Тоңа Ерсой авиациядағы жұмысын басқа бағытта жалғастыратыны мәлім болды. Ал 5 маусымда басшылық ауысатыны туралы ресми мәлімдеме жарияланады деп жоспарланып отыр.

Алып Ер Тоңа Ерсой Алматы әуежайын 2021 жылғы қыркүйектен бері басқарды.

Серіктес жаңалықтары