Астанада 17 автобустың қозғалыс бағыты өзгерді

Маршруттардың қозғалыс сызбасы өндеу жұмыстары аяқталғанға дейін уақытша өзгерді.

Астанада 17 автобустың қозғалыс бағыты өзгерді
CTS

«City Transportation Systems» ЖШС 2 маусымда жол жөндеу жұмыстарына байланысты Астанадағы 17 бағыттың қозғалыс кестесі уақытша өзгертілгенін ескертті, деп хабарлады turkystan.kz.

Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 16, 42, 10, 12, 37, 49, 50, 51, 53, 55А, 55В, 61, 66, 302, 303, 308, 309 маршруттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.

Қала тұрғындарынан жол жүру бағдарын алдын ала айқындап алуды сұраймыз, – деп жазылған хабарламада.