Оқиға Шиелі кентіне қарасты Көкшоқы мөлтек ауданында болған, деп жазады turkystan.kz.
Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады.
Шиелі ауданы №13 өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне Ө. Жарықбаев көшесінің бойында жеңіл автокөлік жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіруге 4 қызметкер және 1 техника жұмылдырылды. Көше бойында «Kia Sportaqe» маркалы жеңіл автокөлігі құжаттарымен толығымен жанғаны анықталды. Өрт 13.12-де толығымен жойылды. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ, – делінген nege.kz сайтында жарияланған ақпаратта.